Шымкентте бес адамның өліміне себепші болған автобус жүргізушісі 5 жылға сотталды

17 Қазан 2023

Белгілі болғандай, ол жол жиегіне тоқтап, әжетханаға кеткен. Бірақ көлікті қол тежегішіне қоюды ұмытқан.

Шымкентте бес адамның өліміне себепші болған автобус жүргізушісі 5 жылға сотталды

Сол сәтте автобус өздігінен қозғалып, жол бойындағы 6 жаяу жүргіншіні таптап өткен.

Оқиғадан 5 адам қаза тауып, біреуі мүгедек болып қалды.

49 жастағы жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотта оның кінәсі дәлелденіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тегтер: