Әскерге келетін жастар алған біліміне қарай қандай бөлімшелерге бағытталады

11 Ақпан 2024

ҚР Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылатындарға қандай талаптар қойылатынын түсіндірді.

Әскерге келетін жастар алған біліміне қарай қандай бөлімшелерге бағытталады

«Мерзімді әскери қызметке шақырылатындар туралы айтатын болсақ, іріктеу кезіндегі негізгі талап оның денсаулық жағдайына қатысты. Оған қоса, жастардың мамандығы мен білімі де ескеріледі», — делінген хабарламада.

Мәселен, математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттерді бітіргенгендер әскерге радиотехника немесе зениттік-зымырандық бөлімшелерге жіберіледі.

Ал ауыл шаруашылығында механикаландыру және электр желілерін тарту факультеттерін тәмамдаған әскери міндеттілер танкі, авиация, зениттік-зымырандық бөлімшелер мен азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне бағытталады.

Медициналық және фармацевтикалық факультеттерді бітірген мерзімді әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына кіші медицина қызметкерлері лауазымдарына жіберіледі.

Тегтер: