Скляр утиль алымға қарсы шыққандарды популистер деп атады
20 Сәуір 2022
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр утиль алымға қарсы шыққандар жайлы пікірін білдірді.
«Мен бұл мәселе жөнінде бір емес, бірнеше пікірімді білдірдім. Бұл тақырыпты бұдан былай қозғамайтынымды атап өтейін, өйткені бұл бәріміз үшін де, сіздер үшін де бесенеден белгілі шаруа. Бірақ бүгін тағы да айтамын. Популисттер кез-келген уақытта айтсын, акцияларды өткізе берсін. Бірақ үкімет өнеркәсіпті дамыту үшін жұмыс істейді», – деді Скляр.
Еске сала кетейік, өткен апта Алматыда «Утиль алымына жол жоқ» атты митинг өткен болатын. Онда Санжар Боқаев, Болат Әбілов сынды белсенділер утилизациялық алымды алып тастауды талап етті.