Скриптонит Украинаға 20 мың доллар жіберді
3 Тамыз 2022
Жақында қазақстандық танымал рэп әншісі Скриптонит Алматыдағы концертін қаңтардағы наразылық кезінде қаза тапқандар мен Украинадағы соғыс құрбандарын еске алу мақсатында бір минут үнсіздікпен бастады.
⠀
Рэпер Украинаны қолдау үшін тележүргізуші Маша Ефросинина негізін қалаған «Маша қорына» 20 мың доллар қаражат жіберді.
⠀
Бұл оның көптеген жанкүйерлері үшін тосынсый болды. Өйткені әнші осы уақытқа дейін Ресей мен Украина арасындағы жағдайға қатысты өз көзқарасын ашық білдірмеген.
⠀
Скриптониттен түскен қаражат №9 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына, Киев аймақтық қиылыс орталығы мен Херсон қалалық балалар мен ересектерге арналған клиникалық ауруханасына дәрі-дәрмектер сатып алуға жұмсалады.