Спорт әлеміндегі алаяқтық пен жалғандық: Қазақстан таэквондосында не болып жатыр?

11 Тамыз 2022

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде жемқорлық орын алып, республикалық және жергілікті бюджеттерден мақсатсыз қажеттіліктерге шамамен 1,5 млрд теңге жұмсалды.

Спорт әлеміндегі алаяқтық пен жалғандық: Қазақстан таэквондосында не болып жатыр?

Осындай тақырыппен бүгін MenMedia.kz алаңында «Таэквон-до (ITF) ұлттық спорт федерациясы» ҚБ президенті АЙДОС АМАНЖОЛОВ журналистермен брифинг өткізді.

Құжаттардың жалғандығы, жоқ спорт түрі бойынша спорттық атақтар мен санаттарды заңсыз беру, жоқ спорт түрін заңсыз қаржыландыру, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде қылмыстық құқық бұзушылықты (сыбайлас жемқорлықты) жасыру сияқты айыптар  спорт комитетінің басшылығына тағылып отыр.

– Жалған құжат бойынша жұмыс істеп, кейбір спорт жаттықтырушылары мен таеквондо төрешілері бюджеттен заңсыз ақша алды, – деп санайды АЙДОС АМАНЖОЛОВ.

2007 жылға дейін Қазақстанда тек олимпиадалық спорт түрі – таеквандо ВТФ (WTF) ғана болған. Ал 2007 жылы таеквандо ұлттық спорт федерациясы тағы бір  — Таэквон-до ITF спорт түрін қосты. Алайда 1999 жылдан бастап сегіз адамда жоғары біліктілік санаты болды (таэквон-до ITF-ке дейін), олардың төртеуі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын да қоса иемденген. Сонымен қатар олардың құжаттарында пәннің атаулары әртүрлі көрсетілген: таеквандо (ITF), таеквондо (ITF), таэквон-до (ITF). Мұндай спорт түрлері тіпті Қазақстанда тіркелмеген. Демек олар атақ пен категорияларды заңсыз түрде иемденіп алған.

Сол уақыттан бастап аталмыш жаттықтырушылар мен төрешілер спорт мектептеріне жұмысқа орналасып, жоғары жалақы алады. Сонымен қатар олар бюджеттен әр түрлі құйтырқылықпен ақша алып отырған. 2014-2022 жылдар аралығында тек Қарағанды облысы бойынша ғана бұл жаттықтырушылар мен төрешілер мемлекеттік бюджеттен 335 млн теңге алған.

2021 жылдың ақпан айында АЙДОС АМАНЖОЛОВ спорт комитетіне осы жаттықтырушылар мен төрешілердің атақтары мен санаттарын жою туралы талаппен жүгінген. Бірақ басшылық осы істі қараудан бас тартқан. Мәдениет және спорт министрлігіндегі комиссия өкілдері жаттықтырушылардың ешқандай заңға томпақ келетін әрекет жасамады деген тоқтамға келді. Осы оқиғадан кейін, федерация  басшысы мұндай шешіммен келіспей,  әкімшілік сотқа жүгінді. Сотта ол комиссияның шешімін бір адам шығарғанын, ал жаттықтырушылар мен судьялардың жеке істері мүлдем зерттелмегенін атап өтті.  А. Аманжоловтың айтуынша сот барысында аталмыш жаттықтырушылар тағылған айыпты мойындамаған.

Сондай-ақ, төрешілік туралы бірқатар анықтамаларда спорттық бәсекеге кім ретінде қатысқандығы көрсетілмеген. Тіпті кейбіреулерінде төрешілер алқасының құрамы туралы жазбалар жоқ. Сонымен қатар, көптеген құжаттарда чемпионаттардың атаулары жоқ және жарыс күндері белгіленбеген. Сегіз жаттықтырушының үшеуінде жеке істегі құжаттар шет тілінде жасалған.

Айта кету керек, А.Аманжоловтың 1999 жылғы Мәдениет және спорт министрлігінде спорттық куәліктерді беру заңдылығына қатысты сұрақтары ескерілмейді. Мәдениет және спорт комитеті А.Аманжоловтың сотқа жүгінуіне ешқандай себеп жоқ деп санап, арызды қабылдамаған.

Осы оқиғадан кейін іске ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті араласады.  Олар Айдос Аманжоловтан  «Таэквон-до ұлттық спорт федерациясы (ITF)» ҚБ олимпиадалық емес спорт түрі таэквон-до ITF бойынша дене шынықтыру-спорт ұйымы ретінде тану сертификатын қайтарып алды.

Спорт істері комитеті құжатты аккредиттеу туралы куәлікті 1 (бір) ай мерзімге тоқтатқан.  Сондықтан ешкім уәкілетті органның іс-әрекетіне ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағымдануға үлгермейді.

АЙДОС АМАНЖОЛОВ мұны Спорт шенеуніктерінің істеген заңсыздықтарын әшкерелегені үшін жасалған кек алулары деп санайды.

 

Тегтер: