Су тасқынынан зардап шеккендердің барлық шығыны өтеледі
31 Наурыз 2024
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жедел кеңестің қорытындысына қатысты пікір білдірді.
«Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты жағдай бойынша жедел кеңес өткізді. Үкіметте Премьер-Министр басқаратын республикалық штаб құрылды. Барлық сұрақтар тәулік бойы бақылауда болады. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар қараусыз қалмайды. Барлық шығын өтеледі», — деді Олжас Бектенов.