Талғарда изолятордан қашқан күдікті ұсталды
25 Қазан 2024
Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу шараларына қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар атсалысты», - делінген хабарламада.
Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек қамаудан қашқаны үшін айып тағылады», - дейді құзырлы департаменттен.