Таразда 147 мұғалімнің еңбек құқығы бұзылғаны анықталып, өтемақы төленді

23 Шілде 2025

Тараз қаласындағы 147 мектеп мұғалімінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Қарағанды облысы прокуратурасы
Қарағанды облысы прокуратурасы

Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Алайда, прокуратура жүргізген талдауы нәтижесінде Тараз қаласындағы орта мектептердің 147 мұғаліміне мерекелік, демалыс және түнгі уақытта жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбеуі мен ұжымдық шарт бұзылуымен байланысты Еңбек кодексі талаптарының бұзылғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде мұғалімдерге жоғарыда аталған ақылары төленіп, бұл олардың конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етті.

Тегтер: