Тарихи жеңістен кейін Көктөбе мұнарасы «Қайраттың» түсіне боялды
27 Тамыз 2025
«Қайрат» өз алаңында «Селтикті» пенальти арқылы жеңіп, UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алғаш рет шықты.

Қазақ футболы үшін маңызды жеңістен кейін Орталық стадионға жиналған жанкүйерлер ұзақ уақыт тарқамай, ән айтып, ұрандатып жүрді.
Ал қала символдарының бірі – Көктөбе мұнарасы «Қайрат» футбол клубының түсіне боялып, онда команданың эмблемасы көрсетілді.