«Таза Қазақстан» аясында Жетісу облысында өтетін акциялар

11 Маусым 2024

 «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жетісу облысында өтетін акциялардың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ.

men
men

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Бүгінгі күннің өзінде жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 150 мыңға жуық адам атсалысты.

Жетісу облысы Сарқан ауданында орналасқан, ел табиғаты үшін асыл қазына болып табылатын – «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылуда. Ұлттық парк аумағына санитарлық тазалық жұмыстарын жасап, қоқыстан тазартумен қатар, орман шаруашылығы питомнигінде күзгі ағаш егу маусымына дайындық жұмыстары жүргізіледі.

men
men

Атап айтқанда, ағаш егетін орындарды даярлауға басым бағыт берілген. Айта кету керек, ұлттық парк аумағындағы питомникке келер жылы 80 мың ағаш отырғызылмақ. Алдағы уақытта олар тек облыс аумағы емес, республиканың түкпір-түкпіріне жөнелтілетін болады. Аталмыш питомниктің еліміздегі ағаш базасын молайтуда атқарар рөлі мол. «Қыстың қамын, жаз ойла» деген халық нақылын ұстанған жетісулықтар күзгі ағаш егу маусымына дәл осылай дайындалуда.

Өңірдегі табиғи және тарихи тұрғыда маңызды орын болып табылатын «Қойтас» саябағындатазалық шарасымен қатар, саябақ аумағын алып зіл тастардан босату жұмыстары орын алмақ. «Қойтас» саябағының ерекшелігі – ауыл тұрғындардың айтуынша аңызға сәйкес, бұрын үлкен су тасқынынан қалған үлкен тастар орналасқан. Жергілікті тұрғындар оның ішіне жөндеу жұмыстарын жасап, тастардың арасын арнайы аллея етіп, жергілікті көрнекі орынға айналдырған.

men
men

Бұл шараға өңірдегі алып күш иелеріатсалыспақ. Олардың қатарында өңірдегі танымал түйепалуандар да бар. Олар аумақты тастардан тазалап, акцияға үлес қосумен қатар, күш сынастыратын болады. Тастарды көтеруден жарыс ұйымдастырылып, үздіктері марапатталады. Сонымен қатар, өңірдегі «Ақбұлақ-Продукт» ЖШС тасада қалмай, республикалық тазалық шарасына өз үлестерін қоспақ. Акцияға қатысушылардың барлығына төл өнім – ұлттық сусындарды ұсынатын болады.

Екіаша ауылдық округіндегі Теректі өзенінің бойына тазалық жұмыстарын жүргізуге де ауыл тұрғындары жұмылып кірісті. Бүгінгі күнге өзен жағалауындағы 2000 метр жер қоқыстан тазартылмақ. Дәл осы өзеннің жағалауы басқа жерлермен салыстырғанда, үлкен плитка тастары бар болуымен ерекшеленеді. Акция барысында сол плитка тастардың бетіне тазарту жүргізіледі.

Жетісулық төтенше жағдай қызметкерлері тазалыққа шақырады: Облыс аумағын алып жатқан, ел жауһары атанған – Алакөл, Балқаш көлдерінде Төтенше жағжайлар қызметі өз жұмысын жалғастыратын болады. Шосылу маусымы қарсаңында су асты тазалық жұмыстарын жүргізіп, ТЖД сүңгуірлер көмегімен су атын қоқыстан тазартып, жазғы демалысын өткізушілерге қауіпсіздік және тазалықты қамтамасыз ететін болады. Осы арқылы су асты тазалығын қолға алған төтенше жағдай қызметкерлері «Тазалық шарасы тек жердің бетінде емес, көлдің тереңінде де сақталуы керек» екенін айтады.

Сонымен қатар, облыс бойынша «Таза аула», «Таза көше» байқаулары ұйымдастырылуда. Табиғаттың жас сақшыларынан арнайы жасақталған эко-рейдтің нәтижесіне сәйкес, ең таза аулалар мен көшелерге арнайы тақтайша орнатылуда. Сондай-ақ, тау маңдары мен табиғат аясында демалушылар арасында #Тазаlike челленджі өтуде. Тазалық челленджі әр демалуышаға өз артынан қоқысты тазалап кетуге үндейді.

men
men

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында жалпы 887 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 5388 тонна қоқысшығарылып, 2200 км арық желісі тазаланды. Сонымен қатар, 25 826 м2 автомобиль жолдарынаағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс аумағында акция кезінде 29 514 түп көшетотырғызылды.

Аталған жұмыстар облыстың әр аумағын қамтып, жыл соңына дейін жалғасын таппақ.

Тегтер: