Террористік ұйымға қатысы болуы мүмкін 22 жасар қазақстандық Ыстанбұлдан Алматыға депортацияланды
29 Қаңтар 2024
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген.
Күдіктіні ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесу арқылы ұстады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауы нәтижесінде қолға түсіп, отанына қайтарылды.
Ұсталған күдіктіге қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.