Төбелес жиі болатын көңіл көтеру мекемелерінің жұмысын тоқтату ұсынылды
21 Қараша 2023
Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты.
«Келушілер арасында болған жанжал туралы мәлімдемеген мекемелердің әкімшілігіне жауапкершілік енгізу керек. Бұл – олардың әлеуметтік міндеті. Ондай мекемелерде заң жиі бұзылса, жұмысын уақытша тоқтату керек немесе қызметін жауып тастау керек», – деді ол.