Тоқаев Amanat партиясының мүшелігінен шықты

26 Сәуір 2022
Бұл туралы «Amanat» партиясының кезектен тыс съезінде белгілі болды.

«Бүгіннен бастап «Amanat» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын», – деді Мемлекет Басшысы.

Сондай-ақ Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты «Amanat» партиясының төрағалығына ұсынды.

«Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынысты партия мүшелері бір ауыздан қолдап, Ерлан Қошанов «Amanat» партиясының төрағасы болып сайланды.

Дауыс беру рәсімінде қалыс қалғандар болмады.

Тоқаев Amanat партиясының мүшелігінен шықты
Тегтер: