Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

7 Ақпан 2023

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды
Тегтер: