Төрехан Сабырхан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

3 Сәуір 2026

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

ҚР ҰОК
ҚР ҰОК

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз тәжікстандық Шамшер Саидовқа қарсы шаршы алаңға шықты.

ҚР ҰОК мәліметінше, үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Төрехан Сабырхан кем дегенде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті.

Тегтер: