Түрікменстанда Гурбангулы Бердімұхамедовтың жылқысына ескерткіш қойылады

22 Мамыр 2022

Экс-президенттің ұлы тиісті қаулыға қол қойды.

Ақалтеке жылқыларының даңқын – халықтың ұлттық мақтанышын дәріптеу үшін Түркіменстан президенті Ақалтеке уәлаятының хякимликіне атақты Ақхан жылқысының мүсінімен монументті жобалау және салу үшін Sportontyldyzy жеке кәсіпорнымен келісімшарт жасасуға рұқсат беру туралы қаулыға қол қойды, деп жазылған Түрікменстан Үкіметінің сайтында.

Ескерткішті салу жұмысы биыл мамырда басталып, жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Түрікменстанда Ақхан аты аңызға айналған жылқы болып саналады. Оны Түрікменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзі баптаған.

Түрікменстанда Гурбангулы Бердімұхамедовтың жылқысына ескерткіш қойылады
Тегтер: