Түріктер Алматы облысында LRT салуға ниетті

23 Маусым 2023

Алматы мен Қонаев қаласының арасында LRT салынады.

Түріктер Алматы облысында LRT салуға ниетті

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев хабарлаған болатын.

Жоба Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарын, сондай-ақ Қонаевты қамтымақ.

Жалпы ұзындығы шамамен 146 шақырым. Жоба Алматы қаласы мен Алматы облысының автомобиль көлігі жүйесінің мәселелерін шешуге арналған. Күн сайын өңірде тұратын 500 мың адам мегаполиске келетінін ескерсек, аталған құрылыс жол инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Құрылыстың қашан басталатыны және жобаның құны әзірге белгісіз.

Қазіргі уақытта уәкілетті басқармалар мен әкімдіктер Алматы қаласының шекарасынан Алматы облысының аудандары мен облыс орталығына дейінгі көлік дәлізін анықтау жұмыстарын бастады.

Тегтер: