Түркістан облысы Шардара және Сарыағаш аудандарының білім беру саласының қызметкерлері 2 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді
1 Желтоқсан 2023
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті тұлғалар 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша аудару, мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы қаржы жымқырып келген.
Қазіргі уақытта 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, 4 адам қамауға алынды.
Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 көлік, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталды.