Түркістан облысында орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылады

10 Қаңтар 2024

Өңірдегі ормандар ғарыштық бейнебақылау жүйесімен бақыланады.

Түркістан облысында орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылады

Цифрландыру жүйелері алғашқыда «Сырдария — Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында орнатылады. 

Жүйе біртекті мұнаралардан, бейнебақылау камераларынан және орталықтандырылған байланыс пен басқару компьютерлерінен тұрады. Бір мұнара өзі орналасқан аумақтан 20 шақырым радиустағы өрт ошақтарын анықтай алады.

Түркістан облысы әкімдігінде мемлекеттік орман қоры аумақтарындағы өрт ошақтарын ерте анықтаудың цифрлық жүйесін енгізу, орман шаруашылықтарында өртті бейнебақылау мен мониторингтеу және заманауи құралдармен жарақтандыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша мәжіліс өтті. Онда далалық орман өрттерінің ошақтарын анықтаудағы ғарыштық бейнебақылау жүйесімен жабдықталған мұнаралардың тиімділігі және оны облыстық орман шаруашылығы мекемелерінің негізінде пилоттық режимде тексеруден өткізу мәселелері талқыланды. 

Тегтер: