Түркістанда балабақша көлігі 5 жасар баланы басып, мерт қылды

23 Қазан 2023

Жүргізуші әдеттегідей баланы үйіне жақын жолға түсірген. Бала сол мезет көліктің алдынан кесіп өтпек болса керек, жүргізуші оны байқамаған қалпы үстінен жүріп өткен.

Түркістанда балабақша көлігі 5 жасар баланы басып, мерт қылды

Көлік астында қалған бала жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Ал жүргізуші уақытша қамауға алынды.

Тегтер: