Түркиядағы терактіден зардап шеккен қазақстандықтар жоқ
24 Қазан 2024
Кеше Түркия астанасы Анкара қаласында лаңкестік әрекет жасалды.
Өкінішке қарай, құрбан болғандар мен жараланғандар бары айтылды.
Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігінен Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі туралы сұраған едік.
«Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында біздің азаматтар жоқ», - деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.