Түркиялық әуе компания Қазақстанға тікелей рейстер ашады

30 Шілде 2026

31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады.

canva.com
Фото: canva.com

Министрліктің мәліметінше, әуе компаниясы Алматы — Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды.

Ұшақтар аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 әуе кемелерімен қатынайды.

Ведомствоның хабарлауынша, жаңа бағыт Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік, іскерлік және мәдени байланыстарын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Тегтер: