ТЖМ тікұшағы Екібастұздан Павлодарға екі сәбиді шұғыл эвакуациялады

2 Мамыр 2025

Сәбилерге шұғыл мамандандырылған медициналық көмек қажет болды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ
ТЖМ

Қазавиақұтқару құтқару бөлімшесінің әуе кемесі Екібастұз қаласынан Павлодарға екі сәбиді шұғыл медициналық эвакуациялауды жүзеге асырды.

Әуе кемесі экипажының жедел әрекеті мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті және қауіпсіз өтті. Павлодар қаласында тікұшақ қонғаннан кейін бірден сәбилер медицина қызметкерлеріне тапсырылды, одан әрі облыстық медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазақстан ТЖМ Қазавиақұтқару күрделі және шұғыл жағдайларға жедел ден қоя отырып, азаматтарға шұғыл көмек көрсету бойынша маңызды миссияны орындауды жалғастырып жатыр.

Тегтер: