Үкімет сайлаудан соң отставкаға кетеді
18 Наурыз 2023
Бұл туралы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Конституцияға сәйкес, Парламент жаңадан сайланғаннан Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа Үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен жаңа Мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез-келген өзгерістерге және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.