Үкімет 2027 жылға қарай статистикалық есептердің санын 50% қысқартпақшы

25 Сәуір 2025

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2027 жылға қарай статистикалық есептердің көлемін 50 пайыз қысқарту жоспарланған мәлім етті.

ҚР Үкіметі
ҚР Үкіметі

- 2023 жылы статистикалық есептіліктің 18 нысаны, 2024 жылы 8 нысаны қысқартылды, яғни соңғы екі жылда 2022 жылмен салыстырғанда статистикалық нысандардың 20%-ы қысқартылды. Келешекте, 2027 жылға қарай статистикалық есептілікті 50%-ға қысқарту жоспарлануда. Бұл ретте, есептіліктің әрбір статистикалық нысаны салалық бағытқа сәйкес көрсеткіштердің белгілі бір тізбесін қамтиды және оның мазмұны басқа нысандарда қайталанбайды, - деп жазады вице-премьер Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта.

Айтуынша, Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы жұмыстар статистикалық есептің 111 түрі енгізілген.

- Әрбір респондент қызметіне байланысты орта есеппен әртүрлі кезеңділіктегі 4-5-тен аспайтын есеп тапсырады. ҰСБ респонденттерге жүктемені азайту үшін тұрақты негізде жыл сайын статистикалық құралдарға ревизия жүргізеді және мүмкіндігінше статистикалық есептілікті қысқартады, - деп жазылған ресми мәліметте.

Тегтер: