Үкімет жұмысында жетістіктер де, қателіктер де болады — Олжас Бектенов

27 Маусым 2025

Үкімет өз жұмысында мемлекет мүдделерін әрдайым бірінші орынға қояды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Үкімет
Үкімет

— Біріншіден, өздеріңізге алғыс айтқым келеді. Бүгінгі Үкімет есебін талқылау өте конструктивті түрде өтті. Әрине, экономикалық даму мәселелері төңірегінде алуан түрлі пікір болады. Үкімет жұмысында жетістіктер де, қателіктер де болады. Өмір болғаннан кейін қателіксіз болмайды. Бірақ, ең басты айтатыным, Үкімет өз жұмысында мемлекет мүдделерін әрдайым бірінші орынға қояды. Сондықтан алдағы уақытта да ортақ жұмысымыз жемісті болсын, — деді Олжас Бектенов.

Тегтер: