Ұлытау облысы әкімдігі мен «Қазақстан халқына» ҚҚ меморандумға қол қойды

10 Қыркүйек 2025

Ұлытау облысы әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында өңірде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

 Ұлытау облыстық әкімдігі
Ұлытау облыстық әкімдігі

Тараптар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсетуге және жаңа жобаларды қаржыландыруға бағытталған шараларды бірлесіп атқарады.

Ынтымақтастықтың басым бағыттары — өңірдің әлеуметтік қолдау, білім, мәдениет және спорт салаларындағы әлеуетті қайырымдылық жобаларды қарастырып, қолдау көрсету.

Облыс әкімдігі қайырымдылық бастамаларын ұсынуды және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етсе, «Қазақстан халқына» қоры оларды қарастырып, жобаларды іске асыруға атсалысады.

Тегтер: