Ұлытау облысында 28 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған бухгалтерге үкім шықты
16 Қыркүйек 2025
Жезқазған қалалық соты Сәтбаев қаласы білім бөліміне қарасты №2 балалар музыка мектебінің бухгалтерін 28 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп тапты.

Сот тергеуі барысында мемлекеттік айыптаушы 2024 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта бухгалтердің өзіне заңсыз түрде артық жалақы тағайындап келгенін дәлелдеді.
Сонымен қатар ол мекемеде іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға – «өлі жандарға» еңбекақы есептеп отырғаны анықталды.
- Сот үкімімен айыпталушыға 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және дәл осы мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген Бас прокуратураның ақпаратында.
Похожие новости