Үлкен Алматы өзені бойында адамдар сырғанаған - ТЖД ескерту жасады

26 Қаңтар 2026

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады.

ТЖД
ТЖД

ТЖД мәліметінше, су айдындарын мониторингі барысында Үлкен Алматы өзенінің бөгеті маңында сырғанап жатқан демалушылар анықталған.

- Бұл жағдай айтарлықтай қауіп төндірді. Ауа райының тұрақсыздығына байланысты мұздың беріктігі төмен. Ол жарылып, адамдардың суға құлап кету қаупі бар. Әсіресе, құтқару бекеттері жоқ, жедел көмек көрсету мүмкіндігі шектеулі аумақтар аса қауіпті, - деп хабарлады департаменттен.

ТЖД полиция департаментімен бірлесіп, жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізгенін хабарлады. Департамент су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өтті. Айыппұл мөлшері — 7 АЕК немесе 27 524 теңге.

Тегтер: