Үлкен жолдарда «орташа жылдамдық» жүйесі іске қосылуы мүмкін
26 Мамыр 2023
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.
«Қала сыртындағы автомобиль жолдарының учаскелерінде «көлік қозғалыстың орташа жылдамдығы» сияқты түсінік енгізілмек. Бұл жүйені қаланың ішінде қолдануға болмайды, бірақ автомагистральдің учаскелерінде бұл мәселені шешуге болады деп ойлаймын. Оның үстіне, елімізде ақылы жолдардың енгізілгенін ескерсек, қазірдің өзінде жолдың бойында көптеген камера бар. Егер олар бір жүйеге қосылса, сондай-ақ заңнамада тиісті норма болса, онда жолда жылдамдықты шамадан тыс асыру сияқты ереже бұзу деректерін анықтауға болады», — деді ол.