Ұлттық Құрылтайдың құрамында өзгерістер болды
1 Наурыз 2025
Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды, деп хабарлады Ақорда.

Ұлттық құрылтай жұмысына жаңадан қоғам өкілдері тартылды:
– Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ төрайымы Зүлфия Байсақова;
– Мәжіліс депутаты, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» ҚБ төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Әлтай;
– Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев;
– Қаржыгер, NAC Analytica төрағасы Расул Рысмамбетов;
– Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Дания Қыдырбаева.
Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Т.Керімқұлов, А.Ерниязова, Н.Қоянбаев, С.Досжанова шықты.