Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды
19 Ақпан 2024
Ұлытау облысында балаларды қамқорлығына ала тұрып, бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған әйел құрықталып, қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Ұлытауда балаларды құлдыққа алған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп жазды Динара Закиева.