Венгрия Қазақстанда тұқым өндіретін зауыт салуға ниетті

18 Қыркүйек 2024

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронмен кездесті. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

men
men

Венгрия делегациясының құрамына Венгрия Елшілігінің сауда кеңесшісі Золтан Нитрай, Құрметті консул, «LAC Holding» президенті Ласло Хорват, Президенттің кеңесшілері Питер Мишкуца және Лайош Очай кірді.

«Кездесу барысында тараптар Қазақстанда тұқым шикізатын қайта өңдеу жөніндегі тұқым зауытын, мал шаруашылығына қажетті жемшөп базасын өндіру жөніндегі үлгілі шаруашылықтарды, аграрлық саланы дамыту үшін қазақ-Венгрия бірлескен қорын құру мәселелерін талқылады», — делінген хабарламада.

Айдарбек Сапаров Венгрия тарапымен басқа да басым бағыттарда ынтымақтасуға дайын екендігін атап өтті.

«АӨК саласындағы бірлескен жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық біз үшін үлкен қызығушылық тудырады. Инвесторларға жан — жақты қолдау көрсетіледі», — деді министр.

«LAC Holding» компаниясының президенті Ласло Хорват Ауыл шаруашылығын дамытудағы өзара іс-қимыл жоспарлары туралы хабарлады.

Тегтер: