VK қосымшасы AppStore сервисінде қолжетімсіз

26 Қыркүйек 2022

Соған қарамастан, бұған дейін орнатылған қосымшалар жұмыс істеп тұр.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, VK Play, VK Музыка, Mail․ru поштасы AppStore сервисінен өшірілген.

– Компаниямыздың бірнеше қосымшасын Apple бұғаттап тастағанын растаймыз. Қазіргі уақытта олар AppStorе сервисінде қолжетімсіз. Мәселенің мән-жайын білу үшін Apple компаниясына жүгіндік, – делінген VK компаниясының хабарламасында.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйек күні 72 пайыз акциясы Сбербанкке тиесілі 2GIS қосымшасы да AppStore сервисінен жойылған болатын.

VK қосымшасы AppStore сервисінде қолжетімсіз
Тегтер: