Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты Кеңес Одағының Батыры атағымен марапаттау парағын табыстады

9 Мамыр 2025

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда
Ақорда

Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген.

Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барған болатын.

Президент Мәскеуде Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесіп, оны елге мемлкеттік сапармен келуге шақырды.

Тегтер: