Westoil Softwar компаниясы 50 адамды жұмыстан шығарды

28 Ақпан 2024

Westoil Software ЖШС үш ай бойы ереуілдеген 50 жұмысшымен еңбек шартын бұзып жатыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Westoil Softwar компаниясы 50 адамды жұмыстан шығарды
Фото: из открытых источников

«Компания бүгіннен бастап ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешіміне сүйене отырып, өндірістік қажеттілікке байланысты 50 қызметкермен еңбек шартын бұзып жатқанын хабарлауға мәжбүр»,-делінген хабарламада.

Бос жұмыс орындарына жаңа қызметкерлерді жалдау басталып жатыр. Компания бұл шара «жұмыспен қамту саласындағы заңнамаға толық сай келеді» деп мәлімдейді.

«Жұмысқа қабылдау жүргізілгенге дейін, жұмыстан шығарылған қызметкерлер келісім комиссиясы арқылы жұмысқа қайта оралуына мүмкіндіктері бар. Біз заңсыз ереуілге қатысушылардың барлығын өз жұмыс орындарына оралған әріптестерінен үлгі алуға шақырамыз», — деді ЖШС.

Тегтер: