WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

10 Тамыз 2022

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды. Енді мессенджердегі топтан кімнің шыққаны көрсетілмейді.

Бұл өзгерісті Марк Цукерберг Facebook парақшасында хабарлады.

– WhatsApp-та құпияны сақтау бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр. Енді топтан қатыстушыларға хабарламай-ақ шығып кетуге болады. Сондай-ақ қолданушының онлайн отырғанын кім көре алатынын бақылау, қолданушы жолдаған хабарламаны скриншот ретінде сақтап алуға рұқсат беру-бермеу мүмкіндігі енгізіледі, – деп жазды Meta компаниясының негізін қалаушы Цукерберг.

Оның айтуынша, келешекте де қолданушылар жолдаған хабарламаның тарап кетпеуіне, оның құпия қалуына жағдай жасалады.

Сондай-ақ Марк Цукерберг WhatsApp-та адамдар жүзбе-жүз сөйлесіп отырғандай болуы қажет екенін айтты.

Айта кетейік, Meta компаниясына Facebook, Messenger, WhatsApp және Instagram тиесілі.

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
Тегтер: