Ыстықкөлдегі Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

22 Шілде 2022

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ыстықкөлдегі «Рух Ордо» мәдени орталығынан алынып тасталды.

– Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ыстықкөлдегі «Рух Ордо» сарайынан алынды.

Ескерткіш көлге жақын жерде – аркалардың оң жағында орналасқан. Ол 2005 жылы Назарбаевтың 65 жылдық мерейтойы қарсаңында орнатылған.

Ендігі Рух-Ордоның жаңа фотоларында ескерткіш жоқ. Ескерткіш бір жылдан астам уақыт бұрын алынып тасталғанға ұқсайды, өйткені былтыр демалушылар түсірген видеода ол болмаған, – делінген KaktusMedia хабарламасында.

Қырғызстан президентінің әкімшілігі бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме бермеген.

Ыстықкөлдегі Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды
Тегтер: