Зеленский Путинге соғысты тоқтату үшін өзінің талаптарын қойды

19 Тамыз 2022

Түркияның Президенті Режеп Тайып Ердоған БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутерриш және Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден кейін мәлімдеме жасады.

Ол Львов қаласында Түркияның Украинадағы соғыстан зардап шеккен адамдарға қолда бар көмектің бәрін көрсетіп жатқанын, Анадолы елінің украин халқына гуманитарлық көмек ретінде 98 жүк көлігін жібергенін атап айтты.

– Біз соғыс басталғаннан бері украин халқының шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін гуманитарлық көмек көрсететін 98 жүк көлігін жібердік. Украинада жағдай қалпына келгенше, оларды орналастыру үшін 325 мыңға жуық украиндықты, оның ішінде 1 099 жетім баланы және 408 адамды уақытша елге қабылдадық. Жалпы 1 507 адам қоныс аударды, – деді ол.
 
Сонымен бірге ол Түркияның Запорожье атом электр станциясының айналасындағы қақтығыстарға алаңдаушылық білдіріп отырғанын, шиеленісті дипломатиялық жолмен тоқтатуға тырысып, украиндық достарының жағында болатынын ескертті.

Зеленский Путинге соғысты тоқтату үшін өзінің талаптарын қойды
Тегтер: