Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде әлем чемпионы болды

27 Тамыз 2022

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) ресми қаулысына сәйкес, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанды.

Титулдың бұрынғы иегері Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жектен бас тартты.

– Мен – әлем чемпионымын! Мен – WBO нұсқасы бойынша чемпион атанған алғашқы қазақпын. Бұл – тарих! Мен өте бақыттымын, Құдайға шүкір! Әлхамдулилла!, – деп жазды чемпион ағылшын тілінде.

Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде әлем чемпионы болды
Тегтер: