Жалға берілетін үй: Астанада әлеуметтік бағдарлама нәтижесі жарияланды

3 Ақпан 2025

Астанада «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін қалған 93 пәтер бойынша «Жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды.

gov.kz
gov.kz

Бұл туралы Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады.

- 2 (екі) және 3 (үш) бөлмелі пәтер беруге үміткерлерді іріктеу «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты бойынша кезекте тұрғандар арасында кезекке қойылған күні және отбасы құрамы бойынша жүзеге асырылды, - делінген хабарламада.

Бағдарлама бойынша өткен азаматтарға Тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, ары қарайғы жолдарын түсіндіреді.

Ерекше айта кетерлігі, алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты өте сақ болу қажет.

Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып, ешқашан несиелерді, қарыздарды өтеуді, тұрғын үй беру үшін шотты арестен алуды алып тастауды сұрамайды, - делінген хабарламада.

Тегтер: