Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастап тұр

11 Маусым 2025

Біріккен Күрес әлемі ұйымы әйелдер күресінен жаңартылған рейтинг нұсқасын жариялады.

olympic.kz
olympic.kz

Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова 51 мың ұпаймен 72 келі салмақта әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Ол бұл орында биылғы жылдың сәуір айынан бастап көшбасшы болып келеді.

Жәмила Бақбергенова 1996 жылы дүниеге келген. Отандасымыз қазірге дейін құрлықтық додада алты мәрте жүлдеге ілікті. 2020, 2022, 2023, 2025 жылдарда жеңіс тұғырына көтерілсе, 2021 жылы күміс, 2019 жылы қола жүлдегер атанды.

Тегтер: