Жаңа челлендж: Тұрғындар ой-шұқыр жолдарға әкімнің суретін қадап кетіп жатыр
26 Мамыр 2022
Өскемендіктер бұзылған жолдарға қала әкімі Жақсылық Омардың суреті бар тақтайшаларды қадап кетіп жатыр.
Бұл «челлендж» туралы қоғам белсендісі Нәсима Қорғанбеков фейсбук желісінде жариялады.
Суретте «Ең дұрыс жөндеу – Омарды отставкаға шығару» деп жазылған.
«Жарайсың, ШҚО. Жалғастыра беріңдер!», – деп жазды ол.
Қоғам белсендісінің айтуына қарағанда, челленж проблемаға билік назарын аударту мақсатында пайда болды.