Жыл басынан бері машина жасау саласы жобаларына 83,4 млрд теңге инвестиция салынды

16 Қазан 2026

Жыл басынан бері еліміздің машина жасау саласында жалпы инвестиция көлемі 83,4 млрд теңген болатын 18 нысан пайдалануға беріліп,1 800-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

canva.com
Фото: canva.com

Өзі аударып түсіретін жүк көліктері (самосвалдар) мен арнайы шассилер, сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангалары, мұнай өндіруге арналған тербелмелі-станоктар, жаңбырлатып суару машиналары, трансформаторлар, сондай-ақ арнайы техника (тіркемелер мен жартылай тіркемелер) және агродрондар өндірісі іске қосылды.

Қазіргі уақытта жалпы инвестиция көлемі 167,7 млрд теңгеден асатын, шамамен 2 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 11 жоба аяқталу сатысында тұр. Атап айтқанда, сүйреткіш локомотивтерге арналған бандаждар, осьтер мен дөңгелек орталықтары, тісті дөңгелектер, вагон құю бөлшектері, үстіңгі тірек арқалықтары, бүйір жақтаулары, жылу алмастыру жабдықтары, жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін энергияны интеграциялауға арналған трансформаторлар, жүк көтергіш крандар, өнеркәсіптік сүзгілер және басқа да өнімдер өндірісін жолға қою жоспарлануда.

️ Инвестиция көлемі 346 млрд теңгеден асатын тағы 24 жоба 2027-2028 жылдары іске қосылады деп күтілуде. Олардың қатарында электр қозғалтқыштары, ершікті тартқыштар, автобетонараластырғыштар, автокран-манипуляторлар, автогрейдерлер, фронтальды тиегіштер, самосвалдар, жылжымалы құрамға арналған доңғалақтар, тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар, автоматты өрт сөндіру жүйелері, электрондық чиптер, люминесцентті шамдар және басқа да өнімдер өндірісі бар. Бұл жобалар 5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.

Жалпы, бүгінгі таңда қолға алынған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын 53 жобаға тартылған инвестиция көлемі шамамен 597,1 млрд теңгені құрайды. Шамамен 9 мың жұмыс орнын құру көзделген, оның 800-ге жуығы ауылдық жерлерге тиесілі. QazIndustry сарапшыларының мәліметінше, машина жасау саласы өнімдерін өндіруге арналған ірі жобалар Астана, Алматы қалаларында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында жүзеге асырылады.

Тегтер: