Жыл басынан бері шекарада жалған құжатпен өтпек болған 200 дерек анықталды
Жыл басынан бастап өткізу пункттерінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде осындай 200 фактінің жолы кесілді
ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде жалған немесе бөгде құжаттары бар адамдарды елге кіргізбеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.
Тек осы жылдың басынан бастап өткізу пункттерінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде осындай 200 фактінің жолы кесілді.
Қылмыскерлердің көпшілігі жалған визалар мен үшінші тұлғалардың анықтау деректері бар құжат бланкілерін пайдаланған.
Олардың қолданылуы шекараның оңтүстік бөліктерінде және халықаралық әуе желілерінде жиі анықталды.
2025 жылы осындай 661 құқық бұзушылық тіркелгенін атап өткен жөн.
ҰҚК Шекара қызметі жалған және бөгде құжаттарды пайдаланып шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.