Жолаушыларға жаңа мүмкіндік: Астана – Омбы пойызының вагондары жаңарды

8 Сәуір 2026

Астана – Омбы бағыты бойынша жүретін пойыз жаңартылды. Енді жолаушылар жаңа вагондармен сапар шегіп, жайлы әрі қолайлы қызметті пайдалана алады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі

Мемлекет басшысының жолаушылар вагондары паркін кешенді жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жолаушылар тасымалы саласында жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Салтанатты іс-шара барысында «Астана — Омбы» халықаралық бағыты бойынша жолаушылар пойызының жаңартылған құрамы жолға шықты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов:

— Бағыттың жаңартылуы көршілес елдер арасындағы көлік байланысын нығайтуға және жолаушылар үшін қолжетімді әрі жайлы жағдай жасауға бағытталған, — деп атап өтті.

Пойыз құрамына «ЗИКСТО» АҚ базасында жасалған купе және плацкарт үлгісіндегі 8 жаңа отандық вагон қосылды.

Бір бағыттағы жалпы сыйымдылық 300-ден астам жолаушыны құрайды. Бұған дейін халықаралық бағыттарда жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары «Алматы — Саратов», «Алматы — Новосибирск» және «Қарағанды — Мәскеу» бағыттарында жүргізілген болатын.

Енді олардың қатарына «Астана — Омбы» бағыты қосылды. Жалпы, жолаушылар вагондары паркін жаңарту жұмыстары жүйелі негізде жүргізіліп келеді. 2025 жылы 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды.

— Биыл тағы 191 вагон сатып алу жоспарланып отыр. 2030 жылға дейін 800-ге жуық вагон жаңартылады, бұл қолданыстағы парктің 90%-ын ауыстыруға мүмкіндік береді. Жаңа вагондар заманауи талаптарға толық сай келеді, — делінген хабарламада.

Интерьері мерзімінен ерте тозуды болдырмайтын арнайы материалдардан жасалған, климат-бақылау және ауаны залалсыздандыру жүйелерімен, USB-порттармен және 220 В розеткаларымен, Wi-Fi желісімен, биодәретханалармен жабдықталған.

Тегтер: