Жұлдыз Сүлейменова «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын таныстырды

27 Қаңтар 2026

Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын таныстырды.

Үкімет
Үкімет

- Президентіміздің Ұлттық құрылтай аясында берген тапсырмалары аясында балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған нақты шаралар қабылданып, олардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, Президент бастамасымен балалардың құқығын қорғау, білім беру сапасын арттыру, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қолдау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай іргелі реформалар мен заңдар қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. ЮНИСЕФ аймақтық директоры Қазақстанда балалар құқықтарын қорғау саласында тек Орталық Азия аймағы елдері үшін ғана емес, сонымен бірге бірқатар Еуропалық елдер үшін де үлгі екенін айтқан болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Оқу-ағарту министрлігі, Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл және салалық министрлер бірлесіп, 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын әзірледі, - деді министр.

Оның дерегінше, 2025 жылғы статистика бойынша елімізде 7 миллионға жуық бала бар. Бұл жалпы халық санының 34 пайызы. Соңғы 10 жылда тұрақты демографиялық даму негізінде балалар саны 1,5 миллионға артқан.

- Президент бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық баланың шотына аударады. Жинақталған қаражат оқу ақысын төлеуге және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жұмысы аясында 120-ға жуық әлеуметтік жоба жүзеге асырылды, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Тегтер: