Ақсайда деструктивті діни ағым өкілі әйел зорламақ болды

Қыр. 19, 2023, 7:28 Т.Қ.

Ақсайда деструктивті діни ағым өкілі әйел зорламақ болып, ұсталып қалды.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, қылмыскерді анықтауға қылмыс жасалған аумақта тұрған бейнебақылау камералары көмектесті.

Қылмыс қыркүйектің 9-ына қараған түні Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында болған. Сол күні 1991 жылғы әйел түнделетіп үйіне келе жатып, жолда бір жігітті кездестіреді. Ол әйелдің әңгімеге тартып, өзімен бірге ертіп әкетпек болады. Әйел бейтаныс жігіттің айтқанына көне қоймаған соң күш қолдана бастайды. Әйел қашып үлгереді, бейтаныс адам оқиға орнынан бой тасалайды.

Әйел үйіне келген соң жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласады. Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ақсай қаласының 34 жасар тұрғынын ұстады және оның деструктивті діни ағым өкілі екенін анықтады.

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы – 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Теги: