Ақтөбе облысында 1,2 млрд теңге салық төленбеген: үш қызметкер жазаланды

Қаз. 29, 2026, 5:05 Т.Қ.

Ақтөбе облысында жер қойнауын пайдаланушылардың 1,2 млрд теңгеден астам салық міндеттемесін орындамағаны анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Фото: Астана әкімдігі

Ақтөбе облысының табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген тексеру барысында жер қойнауын пайдалану саласындағы салық заңнамасының бұзылғаны белгілі болды.

Атап айтқанда, 2022-2025 жылдар аралығында жасалған 127 келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскелерін пайдалануға қатысты салық міндеттемелері толық орындалмаған.

– Бүгінгі күні прокурорлық ден қою шаралары бойынша 600 миллионнан астам теңге өтелді. Сонымен қатар 29 компания жалпы сомасы 250 миллион теңгеге қосымша салық декларациясын өз еркімен тапсырды, – деп хабарлады прокуратура.

Қазіргі уақытта қалған салық берешегін толық өндіріп алу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар прокурорлық тексеру нәтижесінде қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаған салық органдарының үш қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Теги: