Алматыда заңсыз cалынған ірі нысан бұзылып жатыр

Қар. 26, 2025, 6:35 Т.Қ.

Таугүл-3 шағынауданы Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимарат сот шешімі бойынша бұзыла бастады.

Алматы әкімдігі

Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.

Нысанның иесі (жеке тұлға) құрылысты рұқсатсыз жүргiзген. Басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қолданылып, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

– Аталған іс нысанды сүру туралы шешім қабылдау үшін сотқа жолданған болатын. 2025 жылы 20 қарашада Әуезов аудандық сотының шешімімен Қала құрылысын бақылау басқармасының талаптары қанағаттандырылды, - делінген хабарламада.

Сот шешімін орындау мақсатында нысанды меншік иесі өзі бұзып жатыр.

Теги: